Жаңалықтар

«Жобаларды басқару жөніндегі нұсқаулық» ұлттық стандартты бойынша оқу

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Маңғыстау облысы филиалының ұйымдастыруымен 09-13 тамыз аралығында Бейнеу ауданының бөлім басшылары мен бас мамандары ҚР СТ ISO 21500-2014 «Жобаларды басқару жөніндегі нұсқаулық» ұлттық стандартты бойынша оқу басталды.
Мақсаты: тыңдаушыларға жобалық басқарудың артықшылықтары, халықаралық стандарттар және жобалық басқарудың негізгі ұғымдары мен ISO 21500-2014 жобаны басқарудағы үдерістер мен пәндік топтар және т.б бойынша ақпарат беріп, сертификаттауға дайындау.
Дәрісті филиал аға оқытушысы, менеджмент магистрі, тренер кеңесші Сулу Темирова өткізуде.
Бейнеу ауданының бөлім басшылары мен бас мамандарға ҚР СТ ISO 21500-2014 ұлттық стандартының 1 деңгейі «Жобаның басшысы» санатын алу үшін сертификаттаудан өтуге сәттілік тілейміз❕