Жаңалықтар

Қарақия ауданының бөлім басшылары мен ауыл әкімдері «ЖОБАНЫҢ БАСШЫСЫ» санаты бойынша сертификациядан өтті

Қарақия ауданының бөлім басшылары мен ауыл әкімдері «Жобалық басқару» ҚР СТ ISO 21500-2014 ұлттық стандартының «ЖОБАНЫҢ БАСШЫСЫ» санатын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Маңғыстау облысының филиалының базасында сертификациядан өтті.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Маңғыстау облыстық филиалы ұйымдастыруымен жобалық басқарудың артықшылықтары, халықаралық стандарттар және жобалық басқарудың негізгі ұғымдары мен ISO 21500-2014 жобаны басқарудағы үдерістер мен пәндік топтар бойынша оқудан өткен болатын.
Филиал директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор А. Демеуова ҚР СТ ISO 21500-2014 ұлттық стандартының 1 деңгейі «ЖОБАНЫҢ БАСШЫСЫ» санаты бойынша сертификациядан өткен бір топ мемлекеттік қызметшілерге сертификаттарын табыстап, құттықтады.