Жаңалықтар

Әбіш Кекілбаевтың туғанына 80 жыл

Есімі ел жадында ардақталатын, ұлтымыздың көркем әдебиеті мен мәдениеті тарихында аты алтын әріптермен жазылып қалатын біртуар дарын иесі – Әбіш Кекілбаевтың туғанына 80 жыл.

Әбіш Кекілбаевтың туғанына 80 жыл толуы қарсаңындағы ауқымды шараларға үн қосу мақсатында, филиал тыңдаушыларына дәстүрлі өткізілетін Development Day аясында КЕМЕЛ ОЙДЫҢ КЕМЕҢГЕРІ атты сұхбат-кездесу ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Кездесуді филиал директоры, ф.ғ.д., профессор Айгуль Демеуова кіріспе сөзімен ашты.

Шақырылған қонақтар: Алқажан Еділхан- өлкеге танымал қоғам қайраткері, тарихшы, өлкетанушы ғалым; Нургуль Жанназарова – Маңғыстау облысының Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі Кеңесінің төрағасы, Бақтыбай Жайлау – Yessenov University ғылыми қызметкері, PhD докторант Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық офисінің жетекшісі – өз ойлары мен естеліктерін ортаға салып, Әбіш Кекілбайұлының еліміздің рухани тіршілігі мен саяси-әлеуметтік өміріндегі қайталанбас құбылыс екендігін таратып айтты.

Қатысқан тыңдаушылар өз әсерімен бөлісіп, ризашылықтарын білдірді. Кездесу соңын танымал сазгер Есенбай Құли Ә.Кекілбаевтың сөзіне жазылған «Дәуренім менің» әнімен аяқтады.

Модератор: филиал доценті Балкенже Акбердыева