Жаңалықтар

ӘДІЛДІК НЫШАНЫ – ӘЙТЕКЕ БИ

Қазақ тарихында өзінің жасампаздық қызметімен өз халқы мен елінің тарихи өткенінде терең із қалдырған тұлғалар аз болған жоқ. Уақыт өте келе олардың халықтың тарихи санасын қалыптастырудағы рөлі арта түседі. Осындай тарихи тұлғалар шоғырында Әйтеке би ерекше орын алады.
 
Филиалымыздағы кезекті Development day даму күні осы тақырыпқа арналды.
 
«ӘДІЛДІК НЫШАНЫ – ӘЙТЕКЕ БИ» атты сұхбат-кездесу өте мазмұнды, мемлекттік қызмет саласында жүрген жастарымызға берер тәлімі мен танымы мол деңгейде болып өтті.
 
Шара филиал директоры, филос.ғ.д., профессор А.А.Демеуованың кіріспе сөзімен ашылды.
 
Шара қонағы: Маңғыстау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Тіленбаев Айзат Жайлауұлы Әйтеке бидің өнегелі өмірі мен мемлекеттік, құқықтық салалардағы қызметі туралы орамды ой-пкірлерін ортаға салды.
 
Еркін форматта өткен шараға қатысушылар өз өнер-білімдерін ортаға салып, Әйтеке бидің өмірінен қызықты мәліметтер, аңыз әңгімелер, нақыл сөздерін айтып, сахналық қойылым көрсетті.
 
Шараға белсене қатысқан тыңдаушылар:
Сансызбай Дінмухаммед Сағынғалиұлы,
Хисамеденова Айнур Абаевна
Ақжігіт Асылзат Мыратбайұлы
Жақаева Диана Мерекеқызы
Жаппар Азамат Жандарбекұлы
Жұмасат Мақсат Ерболатұлы
Балтабаев Нұрдәулет Тоғайұлы
Ерпан Бауыржан Смағалиұлы
Каматаева Альмира Салыққызы
Шакиров Бекарыс Қайратұлы
 
?‍?Шара модераторы: филиал профессоры Б.Ақбердыева