Академияның магистратурасы мен докторантурасына түсуге ниет білдірген Маңғыстау өңірінің қалалары мен аудан, ауылдық округтердің мемлекеттік қызметшілер үшін ақпараттық сессия кестесіне сәйкес 05.05.2023 күні Мұнайлы ауданы әкімдігіне қарасты барлық мекемелердің мемлекеттік қызметте толық 2 (екі) жыл еңбек өтілі бар, оқуға түсуге қызығушылық танытқан мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өтті.
Ашық есік күні салтанатын Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының басшысы Оспан Еркін Оразбайұлы ашып берді.
Кездесу барасында 2023 жылы Академияға оқуға түсу ережелерімен таныстырылды.
Спикерлер:
ДЕМЕУОВА АЙГҮЛ АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ – Филиал директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор.
АҚБЕРДЫЕВА БАЛКЕНЖЕ ҚОНДЫБАЙҚЫЗЫ – «Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру» кабинетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты
Қатысушылар өздеріннің қызығушылық тудырған сұрақтарына жауаптар алды.
Еске сала кетейік Академияға оқуға құжат қабылдау 03 сәуір мен 29 маусым аралығында https://admission.apa.kz сайтында онлайн қабылданады.
Академияға оқуға түсу бойынша сұрақтарыңыз болса төменде көрсетілген нөмерлерге хабарласа аласыздар!
+7 (7172) 75-33-95 / +7 (7172) 75-34-43
Құрметті оқуға түсемін деген үміткер!
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына құжаттарды онлайн түрде тапсыру тәртібі туралы бейненұсқаулықпен таныс болыңыз.