Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау филиалында «Б» корпусының жетекші әкімшілік мемлекеттік лауазымына алғаш рет тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау online -курсы басталды.
⠀
Курстың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін арттыру үшін олардың құзыреттілігін дамыту.
⠀
Online-Курс бағдарламасы мемлекеттік қызметкерлер өздерінің кәсіби білімдерін кеңейтетін және тереңдете алатындай құрастырылған.
⠀
3 апта ішінде online-курс тыңдаушылары мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет және стратегиялық жоспарлаудың өзекті мәселелерін қарастырады.
⠀
Online-курс барысында тыңдаушылар топтық презентацияларға қатысып, интерактивті талқылап, тренингтерге қатысатын болады.