«Латын әліпбиі: ресми хат алмасу және іс жүргізу» тақырыбында семинар болып өтті.
ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалында 2019 жылдың 10-сәуірінде «Латын әліпбиі: ресми хат алмасу және іс жүргізу» тақырыбында семинар болып өтті. Оған қала мен облыс аудандарынан келген 25 мемлекеттік қызметші қатысты.
Семинардың мақсаты:
- ресми құжат мәтіндерін латын әліпбиімен сауатты құрастыруға, рәсімдеуге, толтыруға үйрету;
- қызмет барысында латын әріптерімен жазудың нормативтік аспектілерін сауатты қолдана білу дағдысын қалыптастыру;
- латын әліпбиімен таныса отырып, құжат мәтінін оқуға, жазуға бейімдеу.