Маңғыстау облысы бойынша филиалында «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттiк қызметшілерінің 2022 жылдың 03-21 қазан аралығында өткен қайта даярлау курсының соңғы кезеңі өтті.
Қайта даярлау курсына келген мемлекеттік қызметшілер курс нәтижесі бойынша келесідей жоба жұмыстарын қорғады:
«E-Sauda» электрондық платформасын енгізу;
Мемлекеттің қолдауымен үлестік құрылысты жаңғырту;
«Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде төлемдер бойынша мәліметтерді автоматтандыру»;
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңының VІ-Көп балалы аналарға арналған наградалар тармағына өзгерістер енгізу;
Әр жобада өзекті мәселелердің аспектілері және олардың шешу жолдары айтылды.
Тыңдаушылар курстарын сәтті аяқтады!