Республикалық «Қуан Сәби» – «Счастливый ребенок» акциясы аясында филиал қызметкерлері даярлау курсының тыңдаушылары қайырымдылық көмектерін ұсынды.
Республикалық «Қуан Сәби» – «Счастливый ребенок» акциясы аясында Маңғыстау облысындағы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы» РМҚК филиалының 15.10-2.11 аралығындағы қайта даярлау курсының тыңдаушылары – әкімшілік мемлекеттік қызметке алғаш кірген мемлекеттік қызметшілері Мұнайлы ауданы Басқұдық селосында тұратын Әділханова Үміттің 3 жасар қызы, егіздің сыңары – Фатинаның дәрі – дәрмегін алуға қаржылай қайырымдылық көмектерін ұсынды. Кішкентай Фатина – ДЦП дертіне шалдыққан, әрі көзі көрмейді. Бұл күнде адамның мейірімі мен қоғамның көмегіне зәру жандар жастардың қол ұшын созып, жанашырлық танытқандарына дән ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты.
Осылайша, Айгүл Демеуова басқарып отырған Академияның Маңғыстау облысындағы филиалы республикамыз бойынша өткізіліп отырған шаралардан шет қалмай, қайырымдылық акциясына өз үлестерін қоса білді.