Жаңалықтар

Саяси мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік басқару академиясында оқудан өтеді

2020 жылдың 19 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (бұдан әрі – НУ ЖMCM) жүзеге асыратын мемлекеттік саяси қызметшілерге арналған «Жаңа формация басшысы» атты қайта даярлау курстары бағдарламасының ресми  ашылуы өтті

Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Дауешов, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі Әлтаир Ахметов, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл, Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің деканы Вэнг Тат Хуэй қатысты.

«Аталған бағдарламаны біз былтырдан бастап өткізіп келеміз. Курсты өткен жылы мүдделі мемлекеттік органдардың, оқыған тыңдаушылардың ұсыныстарының негізінде оқыту бағдарламасын жасадық. Бағдарлама саяси мемлекеттік қызметшілердің қабілеттерін ашуға және дамытуға, халықтың өмір сүру сапасы мен елдің жалпы әл-ауқатын жақсартудың басым бағыттарын іске асыруға арналған жобаларды әзірлеуге бағытталған»,- деп атап өтті Академия ректоры Ерлан Әбіл.

Интерактивті пікірталас, тренинг, кейс-стади форматындағы
3 айлық оқу барысында
 курс тыңдаушылары мемлекеттік сектордағы инновациялар, саясатты әзірлеу өнері, мемлекеттік саясат, сценарийлерді жоспарлау мен перспективті ойлаузаманауи коммуникациялық технологиялар, ойлау дизайны, жобаларды басқару және цифрлық көшбасшылық бойынша оқытылады.

Сабақтарды мемлекеттік басқару Академиясы мен Назарбаев университетінің отандық және шетелдік жаттықтырушылары мен коучтері өткізеді, олардың арасында бизнесті цифрлық трансформациялау, өзгерістерді басқару және инновациялық менеджмент саласындағы сарапшы Давид Туганов, Мемлекеттік ұлттық саясат мектебінің профессоры Filippo Bartoccioni, Сингапур Ұлттық Университеті Президентінің аппаратындағы перспективалар Кеңсесінің (Futures Office) басшысы Эдриан Куа, Гонконг ғылым және технология университетінің тәжірибелі профессоры Дональд Лоу, Назарбаев университетінің мемлекеттік саясат Жоғары мектебінің профессоры Колин Нокс, цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі департаментінің директоры Дархан Ахмедиев, Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту орталығының басшысы Жанар Тайжанова, шешендік өнер бойынша жаттықтырушы Жанна Ибраева, журналист, теле және радио жүргізушісі Махаббат Есен және т.б. бар.

Оқу барысында курс тыңдаушылары келесі үш бағыт бойынша бөлінетін болады: «Азаматтардың әл-ауқаты», «Мекемелер сапасы», «Мықты экономика». Мұндағы нысаналы көрсеткіштер – халықтың ақшалай кірістерінің өсуі, сыбайлас жемқорлықты қабылдау, саяси тұрақтылық, халықтың жергілікті атқарушы органдардың жұмыс сапасына қанағаттану деңгейінің жоғарылауы және т.б. болып табылады. Аталған бағыттарға сәйкес жобалардың тақырыптары бойынша топтар құрылады. Олар мемлекеттік басқарудың жаңа моделін, инновациялық экономиканы құруды, экономикалық және сауда дипломатиясының белсенді дамуын, патриотизм құндылықтарын насихаттауды, қол жетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесін қамтиды.

Оқытудың нәтижелерін іске асыру үшін тақырыптық топтардың қорытынды жұмыстары Ұлттық жобалардың іске асырылуын мониторингтеу офисіне жіберілетін болады.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2020 жылдың соңында Назарбаев университетімен бірлесіп «Жаңа формация басшысы» бағдарламасы бойынша оқыту курстарын өткізді. Курс тыңдаушыларының арасында вице-министрлер, облыс, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім басшылары, сондай-ақ Президенттік жастар кадр резервінің резервшілері де болды.