Жаңалықтар

Штаттан тыс лекторларды тарту үшін конкурс өткізілді

2023 жылдың 13 қаңтар күні «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген және басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілер үшін қайта даярлау курстарының және біліктілікті арттыру семинарларында сабақтар өткізу үшін штаттан тыс лекторларды тарту үшін конкурс өткізілді.
 
Лекторларды іріктеу бойынша сараптау комиссия төрағасы филиал директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Демеуова Айгүл Амангелдіқызы.
 
Комиссия мүшелері:
  • А.Қ.Қайратова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Кәсіби институтының «Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және үйлестіру» кабинетінің ассистенті;
  • С.Д.Темирова – Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерлету кабинет меңгерушісі;
  • Е.Ж.Мендалиев – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары;
  • Ж.А.Ахметова – Маңғыстау облысының «Азаматтық Альянсы» ЗТБ – президенті.
Комиссия мүшелеріне конкурсқа қатысушылардың құжаттары мен презентациялары ұсынылды. Конкурсқа қатысушыларға қосымша сұрақтар қойылып, жан жақты талқыланды.