Бүгін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының ректоры Ерлан Әбіл мен Түрікменстан Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет Академиясының ректоры Алым Аннамурадов екіжақты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Қол қою рәсімі барлық протоколдық шарттарды ұстана отырып, Түрікменстан тарапының Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен онлайн форматта өтті.
Меморандумның мақсаты — мемлекеттік қызметшілерді оқыту және даярлау саласында екіжақты ынтымақтастықты дамыту, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік саясат, халықаралық қатынастар саласында ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру.