Жаңалықтар

ТЫҢДАУШЫЛАР ҚАЙТА ДАЯРЛАУ КУРСЫН АЯҚТАДЫ

18 қарашада мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiне алғаш кiрген мемлекеттiк қызметшілерге арналған қайта даярлау курсы аяқталды.
Қайта даярлау курсына келген мемлекеттік қызметшілер курс нәтижесі бойынша оқыған пәндерінен тест тапсырды.
Үш апталық курс барысында мемлекеттік қызметшілер жобалық басқару құралдарына сүйене отырып, топтық жобаларын әзірлеп, келесідей жоба жұмыстарын қорғады:

  • Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қолданылатын заңнамаларға өзгерістер енгізу және жетілдіру;
  • «Инклюзивтік көзқарас – Мұнайлы»;
  • Е-өтініш жүйесіне тіркелетін өтініштерді Бұлттық құжат айналымына (ОДО) енгізуін тоқтату;
  • Әр жобада өзекті мәселелердің аспектілері және олардың шешу жолдары айтылды.

Курс қорытындысы бойынша тыңдаушылар жобалық жұмыстарын сәтті қорғап шықты.