Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мангистау облысы бойынша филиалы Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды.
⠀
Сіздерді Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Уақыт пен ұрпақты жалғастырған, күздің салқын күндерінде жылуын шашқан бұл мереке үлкендерді құрметтеп, қамқорлық көрсететін халқымыздың ежелгі дәстүрін насихаттайды.
⠀
Қарты бар үйдің – қазынасы бар. Бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа сіздердің өмір жолдарыңыз өнеге, еңбек жолдарыңыз үлгі. Сіздер данагөй тұлға, саялы бәйтерексіздер! Адам ұрпағымен мәңгі жасайды. Бүгінгі күн – кешегінің жемісі, ертеңгінің өркені.
⠀
Бүгінгі ұрпақ үшін жасаған бар жақсылықтарыңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Баршаңызға мықты денсаулық, сәттілік пен ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақыт, береке, бірлік тілейміз!
⠀
Мерекелеріңіз құтты болсын!