«ЖАЛЫНДЫ ЖАСТЫҚ – БАЯНДЫ БОЛАШАҚ» тақырыбында ҚР Президенті жанындағы мемлекетік басқару академиясының магистратурасын тәмамдаған түлектермен, өңіріміздің мемлекеттік қызметшілерімен сұхбат-кездесу өтті.
Кездесу филиал директоры, ф.ғ.д., профессор А.А. Демеуованың кіріспе сөзімен ашылды. Әріқарай модератор Б.Акбердыева шараның мақсатымен таныстырып:
- Академияның магистратура, докторантура білім деңгейлеріне оқуға тапсыруға дайындалып жүрген талапкер жастарға мотивация беру, оқуға түсуге жігерлендіру;
- Өңірімізде ғылыми дәрежесі, кәсіби құзіреттілігі мен біліктілігі жоғары мемлекеттік қызметшілердің жаңа буынын қалыптастыру және т.б.
Шақырылған түлектерге сөз беріп, әңгімеге тартты:
Кошжанов Ерлан Құрбанбайұлы – Облыс әкімі аппаратының «Құқық қорғау органдарымен жұмыс және азаматты қорғау» бөлімінің басшысы
Акджигитова Акмарал Мырзагаликызы – Маңғыстау облысының қаржы барқармасының «Бухгалтерлік есеп және есептілік» бөлімінің бас маманы
Жауқан Еркінбек Қуанышұлы – Ақтау қалалық құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Елді мекендерді ұйымдастыру және құрылысын салу» секторы бас маман.
Талапкерлер өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, түлектердің академияда оқыған кездеріндегі алған білімдері мен әсерлерін тамсана тыңдап, оқуға түсуге деген құлшынысы мен қызығушылығы арта түсті.
«Академия магистратурасына қабылдау ережелері» туралы С.Темирова хабарлама жасады.