Дәстүрлі жүргізілетін даму күні «Development day» аясында Жаңаөзен қаласының мемлекеттік қызметшілеріне «Команда құру», «Мемлекеттік қызметшінің табысты коммуникативтік дағдылары» тақырыптарында семинар-тренинг өткізілді.
Тренинг барысында мемлекеттік қызметшілерге командалық жұмыстың маңыздылығын түсіндіру, жұмыстың тиімділігін арттыру үшін командада өзара іс- қимыл дағдыларын меңгеру және мемлекеттік қызметшілердің коммуникативті құзыреттіліктерін, әріптестермен, басқа да мүдделі тұлғалармен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту тәрізді көкейтесті мәселелер талқыланды.
Семинар Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты басшысы Кайырбек Кұсайыновтың және ҚР Президенті жанындағы Мемлекетті басқару академиясының Маңғыстау филиалының директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Демеуованың алғы сөзімен ашылды. Филиалдың профессор-оқытушылары: филология ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Акбердыеваның, менеджмент магистрі С.Темированың жүргізген тренингтері танымды, тартымды өтті.