Жаңалықтар

ЖАҚСЫЛЫҚТЫ БІРЛЕСЕ ЖАСАЙЫҚ!!!

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсынан өтіп жатқан тыңдаушыларымызбен бірге Академияның «ЖАҚСЫЛЫҚТЫ БІРЛЕСІП ЖАСАЙЫҚ!» қайырымдылық акциясы аясында Мұнайлы ауданы, Дәулет ауылдық округіне орналасқан Маңғыстау облысы білім басқармасының «№ 3 арнайы мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде білім алып жатқан балаларға 1-маусым Балалар күніне арналған шара ұйымдастырылды.
 
Осы ұжымның директоры Жұмағазиева Ардақ Өтешқызы мен қызметкер-мамандарға жасап жатқан қажырлы еңбектері үшін алғысымыз шексіз!
 
Біз үшін әрбір баланың қуаныш-күлкісі аса қымбат!!! Балалардың шат-шадыман думанға бөленген мерекесіне мұрындық болғанымызға өзімізді дән риза, бақытты сезіндік!!!
 
Қымбатты балалар, ата-аналар келе жатқан БАЛАЛАР КҮНІ құтты болсын!!!