Филиал базасында парасаттылық мектебі бағдарламасы аясында Ш.Есенов атындағы КМТжИУ-нің 16 студенті дәріс алды.
Бағдарламада түрлі тақырыптағы тренингтер өткізу қарастырылды. Тыңдаушылармен филиалдың профессорлық – оқытушылық құрамы мен бірге шақырылған лекторлар, атап айтсақ, StopCorruption Mangystau қызметкерлері жұмыстар жүргізді. Сонымен бірге агенттіктің аймақтық бөлімшесінде саяхат сабақ өткізіліп, олардың жұмысымен таныстырылды.
Оқудың соңында парасаттылық мектебінің студенттері 3 жоба жасақтап, жоғары деңгейде қорғап шықты:
- Білім-беру бағдарламасындағы жаңа мүмкіндіктер.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді ендіру арқылы оқу сапасын арттыру.
- Қосымша сабақ: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру».
Кері байланыс жасау мақсатында тыңдаушылардан сауалнама алынды. «Парасаттылық мектебінің жұмысына қандай пікір, тілектеріңіз бар» деген сұраққа тыңдаушылардың басым көпшілігі осы жерде білім алудың ұнағандығын атап көрсетті. Академия филиалы өз алаңында жастарға өз ойларын еркін білдіруге, пікір алмасуға, ізденімпаздықпен жаңа жобалар әзірлеуге мүмкіндік жасады.
Студенттер алдағы уақытта да осындай шаралар көптеп ұйымдастырылып, оған жастарды тарту жолға қойылса, парасаттылықты дамыту бағытында факультативтік курстар ашылса деген тілектерін білдірді.