Жаңалықтар

Жоба қорғау

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Маңғыстау облысыбойынша филиалында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілері 2023 жылдың 15.05 – 02.06 аралығында өткен қайта даярлау курсы аяқталды.
 
Қайта даярлау курсына келген мемлекеттік қызметшілер курс нәтижесі бойынша келесідей жоба жұмыстарын қорғады:
«Көрсетілетін мемлекеттік қызметті оңтайландыру»
«Жүн өңдеу және тоқыма өнімдерін өндіру цехы»
«Бейнеу ауданында тері илеу цехын ашу»
«BAGA KZ» электронды платформасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын цифрландыру
«Ақтау қаласы №35 шағын ауданын тамшылатып суару әдісімен көгалдандыру»
«Такси қызметкерлерін жеке кәсіпкер ретінде тіркеу»
 
Әр жобада өзекті мәселелердің аспектілері және олардың шешу жолдары айтылды.
 
Тыңдаушыларға сәттілік тілейміз!