2022 жылдың 29 сәуір күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Маңғыстау облысының филиалында облыстың басқарма басшылары, ауыл әкімдері және мамандар «Жобалық басқару жәніндегі нұсқаулық» ҚР СТ ISO 21500-2014 ұлттық стандартының «ЖОБАНЫҢ БАСШЫСЫ» санатын анықтау үшін сертификаттау емтиханын тапсырды.
Тыңдаушылардың біліктілігін бағалаудың негізгі мақсаты – белгіленген талаптарға сәйкес ұлттық, аймақтық жобаларды іске асыруға қатысатын қызметкерлердің құзыреттілік деңгейін растау болып табылады.
ҚР СТ ISO 21500-2014 стандарты бойынша сертификациядан өткізуге арнайы келген, Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту орталығының бас сарапшысы Утепова Ақманат Молдабайқызына АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ.