Ұжымдастарымызды құттықтаймыз! - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

Жаңалықтар

Ұжымдастарымызды құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жобалау кеңсесі «Жаттықтырушы-кеңесшінің» ІV деңгейіне сертификаттық тренинг өткізді. Бұл деңгей ҚР СТ ISO 21500-2014 «Жобаларды басқару жөніндегі нұсқаулық», ҚР СТ ISO 21503-018 «Бағдарламаларды басқару жөніндегі нұсқаулық», ҚР СТ ISO 21504-2016 «Портфельді басқару жөніндегі нұсқаулық» ұлттық стандарттары бойынша ұйым қызметкерлерін оқыту құқығын береді.
Біздің әріптесіміз – аға оқытушы және менеджмент магистрі Сұлу Темірова бағалаудың барлық кезеңдерінен сәтті өтіп, ҚР ISO жүйесінің жобалау менеджменті саласындағы Ұлттық стандарт талаптарына сай «Жаттықтырушы-кеңесші» категориясы бойынша сертификатқа ие болды.
Біз Сұлу Темірованы шын жүректен құттықтай отырып, оған әрдайым алға қойған мақсаттарына жетіп, жұмысында жоғары нәтижелерге жетуді тілейміз! Сіздің осы тағы бір жетістігіңіз алдағы жеңістер мен самғаудың сәтті бастамасы болсын!
Сонымен қатар, жобалауды басқару бойынша оқытуға мүмкіндік жасап отырған Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясына алғыс білдіреміз!