2021 жылдың 21 маусым күні Қарақия ауданының бөлім басшылары мен ауыл әкімдері «Жобалық басқару» ҚР СТ ISO 21500-2014 стандартының «ЖОБАНЫҢ БАСШЫСЫ» санатын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Маңғыстау облысының филиалының базасында сертификациядан өтті.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Маңғыстау облысы филиалының ұйымдастыруымен 14-18 маусым аралығында «Жобаларды басқару жөніндегі нұсқаулық» ұлттық стандартты бойынша оқудан өткен болатын.
Жобалық менеджент мемлекеттік басқару жүйесіне жобалық басқаруды енгізу ашықтықты қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі рейтингінде Қазақстанның позициясын жақсартады және бизнес үрдістерді оңтайландыру және құрылымдау, ресурстарды үнемдеуді жүзеге асырады. Ұйым басшылығы жобалық топтардың алдына тапсырмаларды нақты қояды, кепілдік алады және жобаны орындау нәтижесінде ұйым дәл қажетті нәтижелерді алады.
ҚР СТ ISO 21500-2014 стандарты бойынша сертификациядан өткізуге арнайы келген, Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті басқару орталығының бас сарапшысы Сертификатталған жобалық менеджер PRINCE2 Foundation Экономика ғылымдарының магистрі Злобин Бакыт Николаевичке АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ!