30 қыркүйек пен 06 қазан аралығында «Астана» халықаралық қаржы орталығы Халықаралық инвесторлар апталығын өткізуді жоспарлап отыр.
Осы іс-шара аясында ағымдағы жылдың 01 қазан күні «Астана» халықаралық қаржы орталығының супервайзері, CFA қаржы бойынша халықаралық сертификаттаудың кандидаты А. Сансызбайдың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалында инвестиция, экономика және қаржы саласындағы мемлекеттік қызметшілерге арналған «Кәсіби даму трендтері мен инвестициялық сауаттылық негіздері» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Маңғыстау өңіріндегі мемлекеттік қызметшілермен кездесудің мақсаты – «Астана» халықаралық қаржы орталығы қызметінің барлық аспектілерімен таныстыра отырып, қаржылық және инвестициялық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған.