Қызылорда облысының филиалы «Парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» атты ғылыми-тәжірибелік бейне конференциясын ұйымдастырды.
2019 жылдың 9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысының филиалы «Парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» атты ғылыми-тәжірибелік бейне конференциясын ұйымдастырды. Бейне конференцияға Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының филиалдары қатысты.
Маңғыстау облысының филиалы атынан аға оқытушы С.Темирова «Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылықты көтеру» тақырыбы бойынша баяндама жасады.