Жаңалықтар

Филиалда пилоттық онлайн-семинар өтті

2020 жылдың 10 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалында «Парасаттылық. Сыбайлас жеморлыққа қарсы саясат» тақырыбында алғашқы пилоттық онлайн –семинар (вебинар) өткізілді.

Онлайн вебинардың модераторы филиал директоры Айгуль Демеуова, сабақ жүргізген менеджмент магистрі Сулу Темирова.

Вебинарға қатысқандар:

  • Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы қызметкерлері;
  • басқа облыс филиалдарының профессор-оқытушылық құрамы;
  • Маңғыстау облысы мемлекеттік органдарының персоналды басқару қызметінің қызметкерлері.

 

Онлайн вебинарда төмендегідей мәселелер қарастырылды:

  • ҚР мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің құзыреттілігі
  • Парасаттылық
  • Ұжымдағы ішкі және сыртқы мәдениет
  • Ұжымдағы парасаттылық мәдениетін қалыптастыру
  • Сыбайлас пен жемқорлықтың айырмашылығы және пайда болуы мен дамуы
  • Сыбайлас жемқорлыққы қарсы саясатты іске асыру жолдары

Вебинардың бағалы сәті қашықтықтан оқытуды жүргізу үшін кеңінен қолданылатын Moodle және Teams платформаларының техникалық мүмкіндіктерін сынақтан өткізу, тестілеу және көрсету болды.

Платформалар тыңдаушылармен тез арада кері байланыс алуға, сондай-ақ ақпаратты берудің интерактивті тәсілдерін пайдалануға мүмкіндік берді.
 
Қатысушылар вебинардан мол мағлұматтар мен пайдалы ақпарттар алған ой-пікірлерін кері байланыс арқылы білдірді. Өңірдің мемлекеттік органдарының персоналды басқару қызметкерлерінің белсенділігін атап өтуге болады.
 
Филиалымыз сәуір айындағы біліктілік арттыру семинарларын осындай форматта өткізуді жоспарлап отыр!