Академияның Маңғыстау облысы бойынша филиалында ағымдағы жылдың 23 сәуірінде «Латын әліпбиі: ресми хат алмасу және іс жүргізу» тақырыбында семинар өтті.
Семинарда:
- ресми құжат мәтіндерін латын әліпбиімен сауатты құрастыруға, рәсімдеуге, толтыруға үйрету;
- қызмет барысында латын әріптерімен жазудың нормативтік аспектілерін сауатты қолдана білу дағдысын қалыптастыру;
- латын әліпбиімен таныса отырып, құжат мәтінін оқуға, жазуға үйрету.