Кеше филиалымызда облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев тыңдаушыларға «қонақтық дәріс» оқыды.
«Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы. Жаңа кезеңге – жаңа реформалар» тақырыбында өрбіген дәріс мазмұндық-танымдық жағынан өте тартымды өтті.
Мұнда:
- Мемлекеттік саясат, реформалардағы «Ең алдымен адамдар» басты қағидаты
- Мемлекет пен қоғам қатынасындағы азаматтардың сұраныстарына ден қойғыш «белсенді», «сервистік» модельдерге көшу
- «Адамға бағдарланған» мемлекет
- Халыққа қызмет көрсету сапасы – тұрақтылық, ашықтық пен есептілік
- Цифрлық трансформациялау
- Мемлекеттік қызметшінің құзіреттіліктері мен міндеттері
- Ұлтты ұйыстырушы, тұтастырушы факторлар
тағы да басқа күрделі де, маңызды мәселелер қозғалды.
Оларды шешудің нақты жолдары көрсетіліп, таным-тәжірибелер мен күнделікті практикалық өмірден кейстер келтірілді.