2023 жылдың 03 наурызда мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiне алғаш кiрген мемлекеттiк қызметшілерге арналған қайта даярлау курсы аяқталды.
Қайта даярлау курсына келген мемлекеттік қызметшілер курс нәтижесі бойынша оқыған пәндерінен тест тапсырды.
Үш апталық курс барысында мемлекеттік қызметшілер жобалық басқару құралдарына сүйене отырып, топтық жобаларын әзірлеп, келесідей жоба жұмыстарын қорғады:
Арнайы экономикалық аймақтағы (АЭА) гидропика-жем фермасы;
Әлеуметтік маңызды аурулары және айналадағы адамдарға қауіп төндіретін аурулары бар азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету қызметін оңтайландыру;
Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы ынтымақтастықты нығайту;
E-GOV порталы мен «ИИС ЦОН» платформасы арқылы «спорттық дәреже беру» мемлекеттік қызметін оңтайландыру.
Әр жобада өзекті мәселелердің аспектілері және олардың шешу жолдары айтылды.
Курс қорытындысы бойынша тыңдаушылар жобалық жұмыстарын сәтті қорғап шықты.
Тыңдаушыларға сәттілік тілейміз!