Маңғыстау филиалында ағымдағы жылдың 22-26 мамыр аралығындағы «Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту: өкілді билік органдарының рөлі» тақырыбында жаңа сайланған облыстық, қалалық, аудандық маслихат депутаттарына арналған біліктілік арттыру семинары басталды.
Семинардың мақсаты: Жаңа болмыс пен сын-қатерлер жағдайында тиімді қызмет ету үшін өңірлік деңгейдегі депутаттардың кәсіби құзыреттілік деңгейі мен практикалық дағдыларын арттыру.
Алғашқы күннің дәріскерлері:
ЕРЕЖЕПОВ ҚАЙРОЛЛА – экономика ғылымдарының кандидаты, Маңғыстау облысының құрметті азаматы.
ДЕМЕУОВА АЙГУЛ АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ – филиал директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор.
Тыңдаушыларға оқуда сәттілік тілейміз!