АШЫҚ ЕСІК КҮНІ - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

Жаңалықтар

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалы Академияның магистратурасы мен докторантурасына түсуге ниеті бар мемлекеттік қызметшілерді анықтау мен кеңес беру мақсатында Мұнайлы, Түпқараған аудандарының әкімдігіне қарасты барлық мекемелердің оқуға түсуге қызығушылық танытқан мемлекеттік қызметшілерімен «Ашық есік» күні онлайн форматта өтті.
 
Шараға: Академияның магистратурасында EMBA-«Іскерлік әкімшілік» және ME- «Экономика» бағдарламалары бойынша білім алып жатқан өңіріміздің мемлекеттік қызметшілері Л.К.Есенғалиева, З.Ж.Еламановалар қатысып, үміткерлердің сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, қолдау көрсетті.