Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облыстық филиалында «Б» корпусына жаңадан тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсының соңғы кезеңі өтті.
Бұл кезеңде қатысушылар дайындалған жобалық жұмыстарын ұсынды. Жобалар ZOOM онлайн платформаса арқылы, жұмыс тобының алдында қорғалды. Барлығы төрт жоба дайындалды.
Жобаның тақырыптары тыңдаушылардың кәсіби салаларымен байланысты болды. Оларды жүзеге асыру аймақтағы туризмді дамытуға, сонымен бірге әлеуметтік даму мен инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған. Әр жобада күрделі мәселелердің аспектілері және олардың шешу жолдары айтылды.
Оқу барысында қатысқандар туындаған мәселелерді онлайн тәртіптемесі арқылы талқылауға және кеңестер алуға мүмкіндік алды. Жобаларын қорғағаннан кейін қатысушыларға электрондық куәлік табысталды.