Жаңалықтар

«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiне алғаш кiрген мемлекеттiк қызметшілердің қайта даярлау курсы

25.11-13.12.2019ж аралығында «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiне алғаш кiрген мемлекеттiк қызметшілердің қайта даярлау курстары аяқталды.

Тыңдаушылар оқу барысынды «Тиімді коммуникация дағдылары», «Көшбасшылық және эмоциялық интеллект», «Парасаттылық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» және «Коучинг» пәндерінен өздерінің кәсіби құзыреттерін арттырды. Дәрістер кейс-стадий, ролдік ойындар, пікірталас және тренингтер түрінде өткізілді.

Қайта даярлау курсынан өткен мемлекеттік қызметшілер курс нәтижесі бойынша келесідей жоба жұмыстарын қорғады:

  • «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша микро және шағын бизнесті жетілдіру.
  • Ақтау қаласының қоғамдық көліктеріне жолақы төлемінің электронды жүйесін енгізу.
  • «Рахат-4» елді-мекені тұрғындарының газбен улану жағдайларын болдырмаудың алдын алу.
  • Қызылтөбе ауылындағы «Жастар саябағын» тамшылатып суару жүйесін жүргізу.
  • Маңғыстау облысы аумағына автокөлік дөңгелектерін қайта өңдеу зауытының құрылысын салу.
  • Азық түлік өнімдерін облыс деңгейінде сақтау қоймасын салу.
  • Курс сәтті аяқталып, тыңдаушыларға куәліктер табысталды.