Жаңалықтар

«е-Өтініш» азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу

Маңғыстау филиалында 2023 жылдың 24 қаңтарында «Ең алдымен адамдар: «е-Өтініш» азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу: ҚР Әкімшілік рәсімдік- процестік кодексінің практикалық аспектілері» тақырыбында жоспардан тыс квазимемлекеттік сектордың қызметшілеріне арналған біліктілік арттыру семинары басталды.
 
Семинарда төмендегідей тренерлер дәріс оқиды:
  • МАРШАКҰЛЫ ЖАСҰЛАН – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы;
  • ШАУДИРОВА ГУЛЖАНАТ НАҒМЕТУЛЛАҚЫЗЫ – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының бөлім прокуроры;
  • ДЕМЕУОВА ГҮЛЗИПА НҰРГЕЛДІҚЫЗЫ – Маңғыстау облысы әкім аппаратының Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің басшысы;