2022 жылдың 19 мамыр күні Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Маңғыстау облысы филиалының ұйымдастыруымен жоспардан тыс азаматтық қызметшілерге «Ең алдымен адамдар: «Е-Өтініш» азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің практикалық аспектілері» тақырыбында семинар басталды.
Филиал директоры филос.ғ.д., профессор Айгул Амангелдіқызы Демеуова семинарға келген тыңдаушыларға жылы лебізін жеткізіп, сәттілік тіледі.
Семинардың мақсаты: «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне арыз шағымдарды тіркеу, рәсімдеу, құжаттарды жинақтау, мерзімінде уақтылы жолдау және заң бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу бойынша тәжірибелік дағдыларын арттыру.
САБАҚТЫ ЖҮРГІЗІТІНДЕР:
Мендалиев Ерлеген Жардемович – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары;
Маршакұлы Жасұлан – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы;
Демеуова Гүлзипа Нұргелдіқызы – Маңғыстау облысы әкім аппаратының Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің басшысы;
Шаудирова Гулжанат Нағметуллақызы – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының бөлім прокуроры.