Жаңалықтар

Латын әліпбиі және ресми жазылым

06-08 ақпан аралығында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Латын әліпбиі және ресми жазылым: мемлекеттік тілде іс-қағаздарды жүргізу» тақырыбында семинар болып өтті.

Семинарға облыстағы қала, аудандардан тыңдаушылар келіп қатысты. Семинарда: -латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы; – латын әліпбиі – тіл реформасының бір сатысы; -латын әрпіне негізделген қазақ тілінің әліпбиі; – латын әліпбиінің тиімділіктері; – жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері; – жаңа әліпби: құрылымы, ерекшеліктері, құжат мәтініндегі жазылымы; – латын әліпбиі және ресми жазылым сынды тақырыптардағы кейстер бойынша тыңдаушылар мол мағлұматтар алды.