2022 жылдың 20 мамыр күні Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Маңғыстау облысы филиалында дәстүрлі ұйымдастырылатын DEVELOPMENT DAY аясында Халықаралық музей күніне орай Әбіш Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды.
Экскурсия өткізе отырып, мұражай қызметкерлер Әбіш Кекілбайұлының өлкенің қалыптасуы мен дамуындағы өлшеусіз еңбегінің зор екенін және қазіргі ұрпаққа қалдырған мұрасын ұлықтауымыз керектігін айтты.