Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі зерттеу орталығының басшысы Жанар Рысбекова “Nur Otan” партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің құрамына енгізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі зерттеу орталығының басшысы Жанар Рысбекова “Nur Otan” партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің құрамына енгізілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі зерттеу орталығының басшысы Жанар Рысбекова “Nur Otan” партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің 30.09.2020 жылғы қаулысымен “Nur Otan” партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің құрамына енгізілді.

Кеңес қызметінің басты мақсаты –  мемлекеттік билікте, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясатты жетілдіруге, сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды, құқық бұзушылықты жоюға, қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға жәрдемдесу.

Кеңес партияның беделді мүшелерінен, ҚР Парламенті депутаттарынан, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тұрады.

Жанар Рысбекова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында үлкен теориялық және практикалық тәжірибеге ие бола отырып, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жетілдіруге елеулі үлес қосып келеді.

Жанар Қасымбекқызына кеңес қызметінде табыс және сәтті жұмыстар тілейміз!