Жаңалықтар

Тұнғыш Президент күні мерекесі қарсаңында дөңгелек үстел өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысындағы филиалында дөңгелек үстел өтті.

Тұнғыш Президент күні мерекесі қарсаңында  өлкеге танымал мемлекет және қоғам қайраткері, Маңғыстау облысының Құрметті азаматы Ережепов Қайыролла Жеткізгенұлы, Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Тумышев Нури Лазерұлы және филиал ұжымы мен тындаушылардың қатысуымен өтті.

Дөңгелек үстел еркін форматта жүргізілді. Қатысушылар қонақтарға өздерінің толғантып жүрген сұрақтарын қойып, өз пікірлерімен бөлісті.