Жаңалықтар

Мансап және отбасы: тепе-теңдікті қалай сақтау керек?

Бүгін филиалда ағымдағы жылдың 05-07 сәуір аралығында «Мансап және отбасы: тепе-теңдікті қалай сақтау керек?» тақырыбында 3 күндік біліктілік арттыру семинары басталды.
 
Бүгінгі семинардың мақсаты жұмыс пен отбасы арасындағы тепе-теңдік пен шекараны басқарудың кәсіби құзыреттіліктері мен практикалық дағдыларын дамыту, мансап жолымен ілгерілу үшін көшбасшылық құралдары мен технологияларын игеруді жүзеге асыру.
 
Алғашқы күннің дәріскерлері:
АКБЕРДЫЕВА БАЛКЕНЖЕ ҚОНДЫБАЙҚЫЗЫ – «Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру» кабинетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты
ТЕМИРОВА СҰЛУ ДЖҰМАБАЙҚЫЗЫ – «Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру» кабинетінің аға оқытушысы, менеджмент магистрі