Жаңалықтар

Оқуға түсуге қызығушылық танытқан мемлекеттік қызметшілерімен «Ашық есік» күні өтті

Бүгін Академияның магистратурасы мен докторантурасына түсуге ниеті бар мемлекеттік қызметшілерді анықтау мен кеңес беру мақсатында Ақтау қаласы әкімдігіне қарасты барлық мекемелердің мемлекеттік қызметте толық 2 (екі) жыл еңбек өтілі бар, оқуға түсуге қызығушылық танытқан мемлекеттік қызметшілерімен «Ашық есік» күні болып өтті.
 
Филиал директоры А.Демеуова кіріспе сөз сөйлеп, оқыға түсудің талап-ережелерін профессор Б.Акбердыева үміткерлерге түсіндіріп, кеңестер берді. Кездесуге Академиядан Білім беру саясаты орталығы «Білім алушылар мен түлектерді қабылдау және қолдау» секторының бас сарапшысы Баймуратова Жулдыз Алибекқызы онлайн қатысып, қойылған сұрақтарға жауап берді.
 
Үміткерлердің бірі Өмірзақ ауылы әкімінің орынбасары Өтегалиев Әсет Бақытжанұлы сөз алып, әріптестеріне Академияда оқудың маңыздылығы мен қажеттілігін айтып, оқуға түсуге жігерлендірді.