ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зобалаңы қазақ халқының саяси, мәдени өміріне аса зор шығын келтірді. Бұл қазақ халқының ұлттық қалыптасу үдерісіндегі, сапалық құрамындағы ең ауыр, орны толмас зардаптары еді. 100 мыңға жуық азаматымыз қуғын-сүргінге ұшырап, соның 20 мыңнан астамы атылды, сондай-ақ туған жерінен кетуге мәжбүр болды. Бұл зобалаңның қасіретін үш миллионға жуық адам тартты.
Бүгінгі еліміздің осындай дәрежеге жетуі, ата-бабаларымыздың дарыған қайсарлығы мен төзімділіктің арқасында қатаң сыннан абыроймен өтіп, біртұтас ұлт ретінде бірігуге мүмкіндік берді.
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым ету – баршамыздың перзенттік борышымыз.
Сұлу Темирова
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалы РМҚК
«Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерлету» кабинетінің менеджмент магистрі