В честь дня Конституции Республики Казахстан работники филиала были награждены благодарственными письмами
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры Демеуова Айгуль Амангелдиевна мен білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің аға әдіскері Шораханова Марал Сулейменовна Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Жаңаөзен қаласының әкімі Ә. Дауылбаевтың Алғысымен марапатталды.
Сонымен қатар, мерекеге орай Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалы қызметкерлері, атап айтқанда Әкімшілік бөлімінің басшысы Досбергенова Айсулу Масютовна, кітапханашы Куат Амангалиева және аға әдіскер Туреева Гулжаухар Туяковна филиал директорының атынан Алғыс хаттармен марапатталды.