Маңғыстау облысындағы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы РМҚК филиалында «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілер жобалық жұмыстарын қорғады.
Жобалық жұмыстардың тақырыптары мемлекеттік қызметшілердің құзыретін қалыптастыру және өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешу жолдарына арналды. Мемлекеттік қызметшілер жобаларын қорғау кезінде өздерін жан — жақты көрсетіп, кәсіби деңгейлерінің жоғарылығын байқатты.
Сондай-ақ, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілері қайта даярлау курсын сәтті аяқтап, куәліктерін табыстау сәтінен.