Новости

ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА ЖОЛ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында жаһан жүзін шарпыған індет өртінен кейінгі елең-алаңда елдік білім-білігіміз бен ерік-жігерімізді еңсе тіктеп, ендігі кезіккен кедергілерді еңсеруге бағыттау маңызына ерекше назар аударды. Соның ішінде отандық білім беру жүйесінің сапасы, оқу бағдарламаларын заман талабына сай бейімдеу, ғылым саласын гранттық қаржыландыру мерзімін ұзарту, білікті кадрларды даярлау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы жаңғыртуларды жүзеге асыру жөнінде пікірін білдірді. Соның ішінде Президенттік жастар кадрлық резервін жасақтау елдегі билік жүйесіне білікті жас буынды бекіту, озық ойлы жаңа лекті жасампаз жаңғыру өзегі ретінде мемлекеттік басқару ісіне икемдеуді көздейді. Жастар кадрлық резервіне биылғы тіркелу қыркүйек айынан қайта бастау алады. Осыған орай ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Маңғыстау облыстық филиалының директоры Айгүл Демеуовамен ұзақ мерзімді саяси бағдарлама мен еліміздегі басқару жүйесіндегі жаңғырту жөнінде сұхбат құрдық.
Сұхбатты толықтай төмендегі сілтеме бойынша оқи аласыз