«Жақсылықты бірлесе жасайық!» жобасы аясында балаларға арналған «Экзотика құс әлеміне саяхат» атты спорттық-танымдық шара өткізілді.
Бұл жоба Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының 25 жылдығы қарсаңында «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттiк қызметшілермен бірлесе отырып, «Экзотика құс әлеміне саяхат» атты спорттық-танымдық шара өткізілді.
Бұл шараға Мұнайлы ауданындағы Басқұдық ауылдық округінің көп балалы отбасылары қатысты. Шараның бірінші бөлімінде: «Көңілді старттар» командалық сайысы өткізілді; екінші бөлімінде: ішінде алуан түрлі үй және жабайы аң-құстары бар экзотикалық құс әлеміне саяхат жасалды. Балалар мен ата-аналары бұл шарадан өте жағымды әсер алды.