2019 жылдың 28 қазан -15 қараша аралығында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметі басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілер қайта даярлау курсынан өтті.
Курс барысында тыңдаушылар өзекті тақырыптарда тренингтерден өтіп, өңіріміздің мемлекеттік қызмет саласының лауазымды тұлғаларынан дәрістер алып, кәсіби құзіреттіліктерін дамытты.
Тыңдаушылар ұсынған: «Маңғыстау облысындағы «Жүз сауда орны», «Қошқар-Ата қалдық қоймасының 20 гектарын абаттандыру», «Құрық ауылы бойынша білім саласының есеп бөлімдерін оңтайландыру» жобаларының өңірдегі өзекті мәселелерді шешуге зор мүмкіндік беретін тиімділігі комиссия мүшелері тарапынан
жоғары бағаланды.