2022 жылдың 14 желтоқсанда мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiне алғаш кiрген мемлекеттiк қызметшілерге арналған қайта даярлау курсы аяқталды.
Қайта даярлау курсына келген мемлекеттік қызметшілер курс нәтижесі бойынша оқыған пәндерінен тест тапсырды.
Үш апталық курс барысында мемлекеттік қызметшілер жобалық басқару құралдарына сүйене отырып, топтық жобаларын әзірлеп, келесідей жоба жұмыстарын қорғады:
- Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті проактивті қызметке көшіру;
- Қала тазалығын цифрландыру;
- Бейнеу ауданында пластикалық бөтелкелерді қайта өңдейтін цех ашу.
Әр жобада өзекті мәселелердің аспектілері және олардың шешу жолдары айтылды.
Курс қорытындысы бойынша тыңдаушылар жобалық жұмыстарын сәтті қорғап шықты.
Тыңдаушыларға сәттілік тілейміз!