Жаңалықтар

Ашық есік күні Түпқараған және Бейнеу аудандары

Академияның магистратурасы мен докторантурасына түсуге ниет білдірген Маңғыстау өңірінің қалалары мен аудан, ауылдық округтердің мемлекеттік қызметшілер үшін ақпараттық сессия кестесіне сәйкес 04.05.2023 күні Түпқараған ауданы және Бейнеу ауданы әкімдігіне қарасты барлық мекемелердің мемлекеттік қызметте толық 2 (екі) жыл еңбек өтілі бар, оқуға түсуге қызығушылық танытқан мемлекеттік қызметшілерімен онлайн кездесу өтті.
 
«Экономика – Master of Economics» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан Жумағалиева Ақтоты Якияқызы және «Мемлекеттік саясат – Master of Public Policy» өндірістен қол үзіп оқу бағдарламасы бойынша магистратурада оқып жатқан Есетова Ботагөз Сәкенқызы қатысып, бүгінгі таңда Академияда білім алудың аса маңыздылығын, зор тағлым-тәжірибелік жақтарын, кәсіби тұлғалық жақтан дамудағы үлес салмақтарын жан-жақты ашып, үміткерлерге керемет мотивация берді.
 
 Кездесу барысында филиал профессоры АҚБЕРДЫЕВА БАЛКЕНЖЕ ҚОНДЫБАЙҚЫЗЫ 2023 жылы Академияға оқуға қабылдаудың ережелерімен таныстырды.
 
 Қатысушылар өздеріннің қызығушылық тудырған сұрақтарына жауаптар алды.
 
 Еске сала кетейік Академияға оқуға құжат қабылдау 03 сәуір мен 29 маусым аралығында https://admission.apa.kz сайтында онлайн қабылданады.
 
 Академияға оқуға түсу бойынша сұрақтарыңыз болса төменде көрсетілген нөмерлерге хабарласа аласыздар!
 
 +7 (7172) 75-33-95 / +7 (7172) 75-34-43