Жаңалықтар

Ашық есік күні!

Академияның магистратурасы мен докторантурасына түсуге ниет білдірген Маңғыстау өңірінің қалалары мен аудан, ауылдық округтердің мемлекеттік қызметшілер үшін ақпараттық сессия кестесіне сәйкес 31.05.2023 күні Маңғыстау ауданы әкімдігіне қарасты барлық мекемелердің мемлекеттік қызметте толық 2 (екі) жыл еңбек өтілі бар, оқуға түсуге қызығушылық танытқан мемлекеттік қызметшілерімен онлайн кездесу өтті.
 
«7М04106 – Бизнес және басқару» дайындық бағыты бойынша «Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша магистратурада оқып жатқан Еламанова Зоя Жетпісбайқызы қатысып, бүгінгі таңда Академияда білім алудың аса маңыздылығын, зор тағлым-тәжірибелік жақтарын, кәсіби тұлғалық жақтан дамудағы үлес салмақтарын жан-жақты ашып, үміткерлерге керемет мотивация берді.
 
Спикерлер:
ДЕМЕУОВА АЙГҮЛ АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ – Филиал директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор.
АҚБЕРДЫЕВА БАЛКЕНЖЕ ҚОНДЫБАЙҚЫЗЫ – «Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру» кабинетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты
 
Қатысушылар өздеріннің қызығушылық тудырған сұрақтарына жауаптар алды.
 
Еске сала кетейік Академияға оқуға құжат қабылдау 03 сәуір мен 29 маусым аралығында https://admission.apa.kz сайтында онлайн қабылданады.
 
Академияға оқуға түсу бойынша сұрақтарыңыз болса төменде көрсетілген нөмерлерге хабарласа аласыздар!
 
+7 (7172) 75-33-95 / +7 (7172) 75-34-43