Жаңалықтар

«Aзаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі» тақырыбында қонақтық дәріс өтті

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалында қайта даярлау курсынан өтіп жатқан «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметіне алғаш кiрген мемлекеттік қызметшілерге Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы азаматтық қорғау капитаны Елшібаев Данияр Дастанұлы «Aзаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі» тақырыбында қонақтық дәріс өткізді.
 
Дәріс барысында тыңдаушыларға Қазақстан Республикасының халқын, объектілері мен аумағын төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар кезінде немесе осы қақтығыстар салдарынан туындайтын қауіптерден қорғау жөніндегі жалпымемлекеттік іс-шаралар кешенін іске асыруға арналған, азаматтық қорғаудың басқару органдарының, күштері мен құралдарының жиынтығы туралы түсініктемелер берілді.